Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Саниязованың сарказмдары

28.06.2022

676 0

Сыр журналисткасында өзіндік орнын қалыптастырған «Сыр бойы» газетінің тілшісі Назерке Саниязованы көзі қарақты оқырман жақсы таниды. Ол фейсбук әлеуметтік желісінде де белсінді. Әріптесіміздің әлемжелідегі сарказмдарына ойланбау һәм күлмеу мүмкін емес. Ендеше әріптесіміздің қағытпа қалжыңдарының бір сыпырасын назарларңызға ұсынамыз.

Қазақы құпия: «Мен айтты демей-ақ қой».

***

Баяғыда «апай» десе, ренжитінмін. Енді демесе ренжимін.

***

Бағаны нарық реттесе, бүтін бір министрлік/агенттік неғып босып жүр?

***

Әкім-қаралар күндіз жұрттың, түнде өзінің әйелінен шаршайды.

***

Кофемен ғана селфи жасайтындай шәйдің не жазығы бар?

***

Күнді Қызылордада қалдырып кеткен қайсың?

***

Жер – халықтікі.

Бірақ он сотықты он-жиырма жылдап күтесің.

Күте бересің…

***

Футболшылар да, депутаттар да тәуір айлық алады. Біреуі доп, біреуі құлақтан теуіп жүріп.

***

«Бірдеңе миллион теңгенің сертификатын табыс етті». «Қызметтік баспана берді». Кәсіби мерекесінде журналистер де осындай сөз еститін күнге жетейік!

Жұрттың жыртысын жырта бермей…

***

Қырылтай – әлеужелідегі бітпейтін қырғын, бетжыртыс.

***

Астан ирелеңдеп шыққан адамды да көрдік.

***

Мақтан батыр – мақтап-мадақтағаны үшін марапат алатын адам.

***

Биліктің уәдесі кейде МС Сайлаубектің «Шіләмәнә піләгі» сияқты. Түсініксіз болса да елітіп әкетеді. Тез ұмытылады.

***

Екі сақалды қатар келе жатса, әкесі қайсы, баласы қайсы, айыра алмайсың…

***

Бірнеше журналист мұғалім боп кетті. Бұрын көбінің барғысы жоқ еді.

***

Бокалдардың даусы қасіретті үн шығарады…

***

Қазақы тәуекел:

«Иттің итақайы істеп жатыр».

***

«Солтүстік – орыстардың жері».

«Шымкентте көбі – өзбек».

Өз жерімізді өзіміз өзгеге оп-оңай «табыстай» саламыз. Енді кеп Ресейден ауғандармен алысамыз…

***

Екі қазақтың әңгімесі – үшінші қазақ.

***

Бұрын: «Құдай көріп тұр».

Қазір: «Камера көріп тұр».

***

Тексіз болма!

Тегсіз бол!

***

Қазақы күйеу-гимн:

«Үйге қайтам!»

(Кейде Олимпиадаларда гимн ауысып кетіп тұрады).

***

Қазақы мінездеме:

«Жақсы адам, пыросты…»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: