Сенбі, 21 желтоқсан, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сарапшылар қол кептіргішті қолданбауға кеңес берді

16.11.2024

422 0

Сурет:depositphotos

Австралиялық ғалымдар адамдардың дұрыс қол жумайтынын және бұл нәрсеге мән бермеу қандай қауіп әкелетіні жайлы айтты, – деп хабарлайды doctorpiter.ru сайты. 

Австралиялық ғалымдардың жақында жүргізген зерттеуі қолымызды жеткілікті түрде жумайтынымызды көрсетті. Мамандар қолдағы сабынды кем дегенде 20 секунд жуу керектігін еске салды. Сондай-ақ қолды мұқият сүрту маңызды, дымқылын толық кетіру аса маңызды екенін айтты. 

Бірақ қолды кептіре салу жай дүние емес. Қол кептіргіш арқылы кептіруде сіз одан да көп бактерия жұқтыруыңыз мүмкін. 

Devon Science лақап атымен танылған зертханашы тәжірибе жүргізіп, қоғамдық дәретханаларда орнатылған қол кептіргіштерді неге ешқашан пайдаланбау керектігін көрсетті.

Зерттеу қалай жүсеге асты?

Лаборант қосылған кептіргіштің астына Петри табақшасын (микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік ортасы бар зертханалық ыдыс – еск.) қойды. Тағы бір Петри табақшасын дымқыл күйінде сілкіп, дәретханада ары-бері жүріп көрді. Бұл әрекетімен ол қолымызды жуғаннан кейін сүртпей, сілкіп тастауымыздың қандай әсер беретінін көрсеткісі келді. 

Әйел екі мысалды да түнге қалдырды. Кептіргіш үрлеген тостаған түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтармен ластанған. Ақ, сары, қою жасыл дақтар тәрелкенің толық асып қалды. Осы кезде ауада сілкіген тәрелке таза күйінде қалды. 

Сауд Арабиясының Биологиялық ғылымдар журналында жарияланған зерттеуде:

«Қол кептіргіштер адамның қолы мен денесінде патогенді бактерияларды қалдыруы мүмкін деген болжам бар. Сонымен қатар кептіргіштер жұмыс істеп тұрған кезде микробтар жалпы ортаға таралады және ластанған ауаны осы құрылғыларды пайдаланушылар да, оны пайдаланбайтындар да жұта алады» делінді.

Микробиологтардың айтуынша, тәжірибе нәтижелері қолды кептірудің жаңа, жетілдірілген әдістерін жасау қажет екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: