Дүйсенбі, 07 сәуiр, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24, 2137
05.04.2025
PDF мұрағаты

Сарапшылар қымбатшылықтың артатынын болжады

07.04.2025

161 0

Ұлттық банктің сарапшылары арасында жүргізген макроэкономикалық сауалнамасының нәтижелері Қазақстан экономикасына қатысты бірқатар маңызды болжамдарды ұсынды. Сарапшылар экономикалық өсімнің баяулауы және инфляцияның жоғарылауы мүмкін екендігіне алаңдаулы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай бағасы және экономика өсуі

2025 және 2026 жылдар үшін Brent маркалы мұнай бағасының болжамы 1 баррель үшін 75 доллар және 72 доллар деңгейінде сақталуда. 2027 жылға арналған бағалау сәл жоғарылап, 72,5 долларды құрауы мүмкін.

Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар төмендеген. 2025 жылға арналған өсім болжамы 4,9%-дан 4,7%-ға, 2027 жылға болжам 4,5%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді. 2026 жылы өсім 4,5% деңгейінде сақталып тұр.

Инфляция мен базалық мөлшерлеме

Инфляция бойынша болжамдар барлық болжамдық кезеңде нашарлады. 2025 жылға арналған медианалық инфляция болжамы 8,7%-дан 10,6%-ға дейін көтерілді. 2026 жылға инфляция 9%-ға дейін өсуі мүмкін, ал 2027 жылға қатысты болжам 6,1%-ды құрайды.

Инфляцияның жоғары деңгейде болуына байланысты сарапшылар базалық мөлшерлеме де жоғары болады дейді. 2025 жылдың соңына арналған базалық мөлшерлеменің медианалық болжамы 15,9%, 2026 жылы 14,3%, ал 2027 жылы 11,5% болып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: