Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Сарбаздар несиені кейін төлей алады – Қорғаныс министрлігі

26.10.2022

814 0

Оларды жұмысқа орналасу мәселесі де назарда болады.

Әскери борышын өтеп жатқан қазақстардықтарға кредитті 1 жылдан соң төлеуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Екінші жақсы жаңалығымыз бар. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен несиелерге «демалыс беру» туралы келісімді жариялаймыз. Яғни сарбаздардың несиелері мерзімді қызмет кезінде 13 айға тоқтатылады. 12 ай қызмет ету мерзімі + 1 ай жұмысқа орналасуға беріледі, – деп жазды министрдің орынбасары Facebook-те.

Сондай-ақ жоспарымызда әскерден кейін сарбаздарды жұмысқа орналастыру туралы кәсіпорындармен уағдаласу тұр.

«Биыл бұл жұмысты IT компаниялардан бастасақ па деп отырмын. Қай IT компания бұл бастаманы қолдауға дайын? Елордамызда ғылыми взвод деген бар, сол жерде бүгін IT мамандары мерзімді қызмет өтеді. Біз өзіміздің тараптан сарбаздарды бір жылдың ішінде дайындап, жылдың аяғында сіздерге сұхбаттасуға жібереміз деген жоспар бар», – деді Дархан Ахмадиев

Айта кетейік, Қазақстанда әскери борышын өтегендер ҰБТ-сыз университетте тегін оқи алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: