5547 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өткерген сарбаздар үйге оралды.
Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінің 1-2024 жылғы шақырылымының сарбаздары Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп, туған үйлеріне аман-есен оралды.
Салтанатты шара барысында әскери бөлім командирі, полковник Ерген Бастамиев сарбаздарды құттықтап, олардың әскери борышын жауапкершілікпен орындағанын атап өтті. Ол қызмет барысында ерекше көзге түскен жауынгерлерге бірқатар марапаттарды табыстады.
Атап айтқанда, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының, Қызылорда қаласы әкімінің, сондай-ақ облыстық полиция департаменті бастығының Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, сарбаздардың аналары Ардагерлер кеңесі төрағасының атынан «Отан қорғаушының Анасы» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл шара – әскери қызметтің маңыздылығын айқындайтын, ел тыныштығы жолындағы сарбаздардың ерлігін бағалаудың көрінісі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!