Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі базарларды жаңғырты жоспары жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арман Шаққалиев елімізде базарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды.
Министрдің түсіндіруінше, мұндай шара сауда орындары көлеңкелі экономика мен көлеңкелі элементтер шоғырланған орынға айналмауы үшін қолға алынып отыр.
«Жаңғырту бағдарламасы қабылданды, нақты нысандар бар. Осы жылдың соңына дейін бізде жол картасы бар. Онда нақты нысандар және олар бойынша қандай шаралар қабылдау керек екені көрсетілген. 2026 жылы жаңғырту картасына енгізілгенімен, жаңғыртылмаған базарлар жұмысын тоқтатады», – деп мәлімдеді министр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!