Жұма, 22 тамыз, 20:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Сауда саласын дамыту – халық қамын көздейтін маңызды міндет

22.08.2025

44 0

Бүгін аймағымызға жұмыс сапарымен Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков келді. Сапар аясында вице-министр Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баспасөз конференциясын өткізіп, аймақтағы сауда саласының жай-күйі мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

– Сауда – ел экономикасының дамуына тікелей ықпал ететін маңызды салалардың бірі. Бүгінгі сапарымыздың басты мақсаты – өңірдегі сауда нысандарының жұмысымен танысып, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Қызылорда облысында ішкі сауданы дамыту, отандық өнімдерді қолдау, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Біз кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауды, сауда инфрақұрылымын жаңғыртуды және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуді басты назарда ұстаймыз. Сауда саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау да маңызды. Әрбір азаматтың сапалы әрі қауіпсіз тауарға қол жеткізуіне жағдай жасалуда. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жәрмеңкелер ұйымдастыру арқылы халыққа қолжетімді бағадағы өнімдерді ұсыну жұмыстары жалғасады. Қызылорда өңірінде кәсіпкерлердің белсенділігі жоғары екенін атап өткім келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, сіздер ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да игеруге қауқарлысыздар. Біз сіздермен бірлесе отырып, сауда саласының дамуына жағдай жасаймыз. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің экономикалық қуатын нығайтуға қызмет ететін ортақ іс, – деді Айдар Ахметбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: