Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Сбербанк Қазақстанның» атауы «Береке банк» болып өзгереді

13.09.2022

693 0

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Сбербанк Қазақстанның» атауы «Береке банк» болып өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шарлапаев бұл жайлы журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Сөзінше, міндетті түрде ребрендинг жүреді. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған. 

«Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан бұл банк бұған дейін жұмыс істеген құндылықтар мен ұмытылысты көрсетеді деп ойлаймын және әрі қарай да солай жұмыс істейді деп үміттенеміз», – деді ол.

2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің Сбердің еншілес банкінің барлық акцияларын сатып алу бойынша мәмілені аяқтағаны белгілі болды. 

«Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті», – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: