Дүйсенбі, 25 тамыз, 22:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63,2176
23.08.2025
PDF мұрағаты

Сексеуіл кентіндегі теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде

25.08.2025

41 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сексеуіл кентінің теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ. Вокзал 1904 жылы салынған, бүгінде 13 жұп пойызына қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу 2012 жылы жүргізілген.
Мердігер мекеме «Техноснастка Ремсервис» ЖШС.

Еске салайық, елімізде 100 теміржол вокзалын жаңғырту қолға алынған. Оның 10-ы – Қызылорда облысының аумағындағы ғимараттар. Өңірдегі теміржол вокзалдарын күрделі жөндеу үшін шамамен 5,0 млрд. теңге қаржы қажет. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен келісімшартқа отырды.
2023 жылы Қызылорда қаласындағы ғасырдан астам тарихы бар вокзал мен аумағы толықтай жаңғыртудан өтті.
Осыған дейін аймақ басшысы барлық аудандағы теміржол вокзалдарының күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сексеуіл кентіндегі теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: