Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бүгін таңертең педагог ауруханадан шығарылды.
Әріптесімізге жұмыс орнында қалпына келуіне әрі қарай да көмектесе береміз. Оған оңалту, қалпына келу қажет, сондықтан қолдау көрсетуді жалғастырамыз, – деді Бейсембаев.
Сондай-ақ министр осы оқиғадан кейін қандай жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылғанын айтты.
Қала әкімінің орынбасары сөгіс алды. Білім бөлімінің басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңның орындалуына немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылды. Үш директор (мектеп – ред.) тәртіптік жауапкершілікке де тартылды. Осы бағытта өтемақы төлеу бойынша жұмыс жалғасуда, – деді ол.
Естеріңізде болса, шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, жансақтау бөліміне жатқызылған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!