Жұма, 28 ақпан, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына 24 млн теңге жиналды

28.02.2025

77 0

Фото: Видео кадры

Қазақстандықтар Семейде қатарластары аяусыз ұрып-соққан баланың отбасына көмектесті. Бұл туралы облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Жүнісова мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, зардап шеккен бала толық медициналық тексерістен өтіп, психологиялық көмек алып жатыр.

«Баланың отбасына көмектесу туралы сұрақтар түсіп жатыр. Оның әпкесінің шотына 24 миллион теңге жиналғаны белгілі болды, оны баспана сатып алуға жұмсау жоспарланып отыр. (…) Отбасы қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдіреді», – деп жазды Жүнісова.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл үй таңдау және сатып алу процестерінің ашықтығы үшін өңірлік, қалалық мәслихаттар депутаттарынан, адвокаттар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының полициясы жоғары сынып оқушылары 6-сынып оқушысын соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кейінірек Семейде комиссия мектеп оқушысын жасөспірімдер соққыға жыққан оқиға бойынша шешім шығарды.

«Комиссия нәтижелері бойынша оқиғаға қатысушыларды уақытша оқшаулау жағдайында түзету және психологтармен жұмыс істеу мақсатында девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу ұсынылды. Комиссия үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру және бір өкілдің екі балаға қамқоршылығын тоқтату туралы ұсыныс жасады», – деп жазылған хабарламада.

Бұл іске қатысты материалдар сотқа жіберілген, соңғы шешім сотта қабылданады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдер мамандандырылған мекемеде болатын мерзімді анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: