Жалағаш ауданына ҚР Парламент Сенатының депутаттары М.Бақтиярұлы мен А. Әлназарова арнайы жұмыс сапарымен барды.
Халық қалаулылары ең алдымен «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС ғимаратында болып, шаруашылық басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және бүгінгі таңдағы нақты мәселелер сөз болды.
Мұнан соң, кезек ұсыныс-пікірлерге беріліп, егістікті әртараптандыру, субсидия төлеу, су және тыңайтқыштардың бағасын тұрақтандыру жөнінде мәселелер талқыланды.
Сенаторлар жаңадан салынған 100 төсектік Жалағаш аудандық ауруханасында болып, аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты. Аудандық аурухананың бас дәрігері Е. Мақсұтов алдағы жұмыстарға және проблемалық мәселелерге де тоқталып өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!