«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс көлемінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда. Игі бастамаға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және оған қарасты спорт мектептерінің қызметкерлері белсене қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Сенбілік барысында қызметкерлер көшелер мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл желектерді ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосуда. Бұл шара – тек тазалық жұмысы ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті арттырудың бір жолы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!