Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

“Сендер мені күйеуге бермесеңдер, мен бәрібір қашып кетемін”: Танымал блогер Sabirkin

09.08.2023

659 0

Көпшілікке Sabirkin лақап атымен танымал блогер Сабира Жарасқызы Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында күйеуімен таныстығы туралы айтып, тұрмысқа шығуына ата-анасының не себепті қарсы болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Күйеуім екеуіміздің де мамандығымыз стоматолог. Арамыз 6 жас болғандықтан мен оқуға түсіп жатқанда, ол оқу бітіріп жатты. Күйеуіммен в контакте желісінде таныстық. Ол кезде жасым 19-да. Біз үш ай кездестік, кейін ол маған үйленуге ұсыныс жасады. Менің тұрмысқа шығуыма бүкіл әлем қарсы болғандай болды. Өйткені жақындарым мен туралы “бұл қыз әлі тұрмысқа шықпайды, оқуын бітіреді, жұмыс істеп, мансап қуады” деген ойда болды. Менің тұрмысқа шығуым барлығы үшін шок болды. Өзім үшін де күтпеген жағдай болды. Мен махаббатымды тез, аяқ асты жолықтырдым. Жақында тұрмысқа шығамын деген ой да болған жоқ. Күйеуге шыққан соң ғана тұрмыстағы әйел екенімді түсіндім. Сол кезде әкем менімен бір ай сөйлеспей қойды. Мен әкемнің қызы едім. Ол мені сол уақытта кішкентай қыз деп көретін. Менің тұрмысқа шығуым оған ауыр тиді. Менімен көзбе-көз сөйлескен жоқ, мен де ол кісіге барып айтқан жоқпын. Барлығын анам арқылы шешіп отырдық. Не айтса да анам арқылы айтып, ұрысатын. Сол кезде әкем қатты күйзеліске түсіп, қартайып кетті. Бірақ соңында көнді. Балалықпен анама айтқан сөздерім бар: “Сендер мені күйеуге бермесеңдер, мен бәрібір қашып кетемін”, – дедім. Қазір ойлап отырсам, мен күйеуіме қатты ғашық болғанмын ғой. Күйеуім екеуіміздің жас айырмашылығымыз да отбасымның қарсылығына себеп болды”, – дейді Сабира.

Оның отбасындағы кикілжіңді білген Алмас Сабираның жақындарымен танысуға өзі ұсыныс білдірген.

“Ағам да менің жігітпен кездесіп жүргенімді біліп үйде айқай шығаратын. Соны біліп Алмас отбасыммен танысуға өзі ниет білдірді. Сөйтіп алдынан өтіп, кездесуге шақырып, танысты. Әкем қарсылық білдірген жоқ. Бірақ біз ол кезде жәй ғана кездесіп жүргенбіз. Үйлену туралы отбасым Алмастың өзінен естіді, өзі хабарласып айтты. Тойдың алдында жақындарымның көңілі босап, жылап жүрді. Олардың бақытсыз екені түрлерінен көрініп тұрды. Бір жағынан мен үшін қорықты, ақымақтықпен күйеуге шығып жатыр деп ойлады. Оқуымды ойлады, бала болғандықтан мен отбасылық өмірге дайын емес болып көріндім. Үйдің еркесі болғандықтан мені қимады. Бірақ қазір әкем Алмасты қатты жақсы көреді, сыйлайды. Менің дұрыс шешім жасағаныма көзі жетті”, – дейді блогер.

Сабира желі қолданушыларының арасында үй шаруасындағы ананың образымен танымал. Ол әр отбасындағы түрлі жағдайларды негізге ала отырып, қызық вайндар түсіреді. Қазір оның Instagram-дағы оқырманының саны 1 миллион 400 мыңға жуық. Сабира мен Алмас бүгінде бір қыз, екі ұл тәрбилеп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: