Бейсенбі, 07 қараша, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Серік Қожаниязов: Қызылордаға 800 текше метр су келіп жатыр

20.03.2022

1136 0

 Сырдария өзеніндегі су тапшылығы басты мәселенің бірі. Қазіргі таңда вегетация жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

7 наурызда 3 мемлекеттің министрлігі бас қосып, Тоқтағұл су қоймасына вегетациялық кезеңде суды көбірек беру туралы мәмілеге келген болатын. Өзбекстан, Қазақстан қосымша электр энергиясын беруге келісім берген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады.

«Үкімет тарапынан ұсынастар жинақталып, әр облысқа көмек шаралары берілетін болады. Мәселен, Қызылорда облысына су тапшылығын болдырмау және жеңілдету мақсатында Үкімет резервінен 3 млрд. 600 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Оған 67 насос қондырғысы және қосымша трансформатор алу көзделуде. Жақсы жаңалық, 11 наурыздан бастап жауын-шашын мол түсуіне байланысты судың мөлшері көбейді. 12 наурыз күні секундына 567 текше метр су түссе, бүгінде 1100 текше метр су келуде. Қазіргі уақытта Шардарада 5 млрд. текше метр су бар. Қызылордаға 800 текше су келіп жатыр. Бұл табиғаттың бізге берген үлкен көмегі. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мамандарына күріш көлемін азайтып егуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады», – деді Серік Салауатұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: