Жұма, 27 желтоқсан, 04:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шәмші әнін шарықтатты

13.02.2021

7587 0

Шәмші Қалдаяқовтың ән-мұрасы – нәзік те сыршыл болмысымен әнсүйер қауымды баурайтын өнер биігі. Сазгердің әндері шынайы сезім мен ғашық көңіл, өміршең болмысқа толы қилы бояуымен құнды. Сондықтан аға буын мен жас өрендер Шәмші әндерін заман ағымымен ұштастыра біліп, бүгінге дейін қосыла шырқап келеді. Өткен аптада осындай өнегелі шараның бірі №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өтті.

«Шәмшінің шарықтаған әндері» атты байқауға орталықтың қызмет алушылар мен күндізгі бөлім ем алушылары қатысып, сазгердің шығармашылығын ұлықтауға үлес қосты. Жиынға қатысушылар қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындау бойынша өз өнерін көрсетіп, ескі шығармаларды қайта жандандырды.
Байқауда композитордың «Сыр сұлуы», «Ана туралы жыр», «Ақерке-Ақжайық», «Дүнген қызы», «Қайдасың?!», «Ақ бантик», «Бәрінен де сен сұлу» , «Арыс жағасында» секілді танымал әндер шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.
Шара соңында ұйымдастырушылар байқауға қатысушыларға арнайы сыйлық үлестіріп, алғыс хат табыстады.
Айта кетейік, сайысқа халықаралық «Ипар» корпорациясының көшбасшысы, «Күміс бұғы» марапатының иегері Гүлмира Жақсыбайқызы мен Шұғыла шағын ауданы бойынша «FABERLIС» компаниясының директоры Индира Болатбекқызы демеушілік көрсеткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: