Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті. Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесі дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Тақта тартысына 10-нан аса ардагер қатысты. Олар сайысқа ерекше ықыласпен келіп, бұрынғы әріптестерімен жүздесті. Жарыс тартысты өтіп, тіпті, бірдей ұпай жинаған 4 шахматшы жүлделі екінші орынға таласты. Жеңімпаздарды қаладағы шахматтан кезінде облыс намысын қорғаған, спорт разрядтары бар ардагерлер анықтады.
Нәтижесінде, бұқаралық ақпарат құралдары саласының ардагері Тимур Қасымов жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орынды ішкі істер саласының ардагері Едіге Ибрашев, ал келесі орынды теміржол саласының ардагері Аманжол Әлімбаев иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, жүлдегерлер мен қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!