Сейсенбі, 02 желтоқсан, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

«Шамшырақ» жобасы: үштік одаққа негізделген тәрбие моделі

02.12.2025

30 0

Қоғамның дамуы мен ұлт болашағы ең алдымен өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. Бұл үдерістің негізгі үш тірегі бар: ата-ана, бала және мектеп. Осы үштік бір-бірімен тығыз байланыста болғанда ғана тәрбие өз нәтижесін береді.

«Шамшырақ» жобасы: үштік одаққа негізделген тәрбие моделі


Бала тәрбиесі ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ана – баланың алғашқы ұстазы, үлгі-өнегесі, мінез-құлықтың айнасы. Отбасындағы жылы атмосфера, түсіністік, сүйіспеншілік – баланың тұлға болып қалыптасуының негізгі шарттары.
Бала тәрбиесінде қоршаған ортаның, әсіресе, білім ордасының орны айрықша. Себебі мектеп – баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды әлеуметтік орта. Мұнда білім қатар жүріп, адамгершілік-этикалық қағидалар қалыптасады.
Мұғалімдер балаға ғылым негіздерін үйретумен қатар, қоғамда өзін дұрыс ұстай білуге, жауапкершілік алуға, ынтымақ пен сыйластыққа тәрбиелейді.
Осы орайда, Сырдария ауданындағы №35 мектеп-лицейінде ерекше тәрбие жобасы жолға қойылған. Биылдан бастап 100 жылдан астам тарихы бар мектептің 5 “а” сыныбында оқушы-ата-ана – мұғалім арасында “Шамшырақ” жобасын бастап, бүгінде бала тәрбиесіне өз үлесін қосып келемін.
Жоба мақсаты:
Ата-ана, мектеп және бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру, балалардың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау және тәрбиенің тұтас жүйесін қалыптастыру.
Жоба аясында балалармен “Жетістіктер картасы”, “Ата-анаммен трендте”, “Ағамның ақыл-кеңесі” сияқты қызықты шаралар атқарылып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: