Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шарап үшін басталған даудың соңы адам өлімімен аяқталған

28.10.2023

1288 0

Павлодарда бір бөтелке шарап үшін танысын өлтірген тұрғын сотталды, сотта ол өз жазасын мойындады, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі адамды қасақана өлтіру бойынша қылмыстық іс қаралды. 

2023 жылғы сәуір айында екі таныс бір бөтелке шарап үшін сөзге келісіп, төбелесті. Төбелес кезінде ер адам танысының басынан ұрып, денесіне соққы жасаған. Жауап қайтару үшін танысы асүйден пышақ алып, ер адамның кеудесінен және мойнынан ұрған. Салдарынан ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сараптамалардың нәтижелерімен дәлелденді. Сотта ол өз кінәсін мойындады. 

«Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот ер адамды тоғыз жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – делінген үкімде.

Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады. Ол жәбірленушінің пайдасына 292 мың теңге сомасында материалдық залал мен 2 миллион 200 мың теңге сомасында моральдық залалды өтейді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: