Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Шаршадық, жауап жоқ»:  Шаруалар шығынға батып жатыр

27.02.2023

954 0

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шаруалардан gosagro.kz сайтының жұмысына қатысты шағымдар түсіп жатқанына ай толып қалды. Себебі несиесіне субсидия алуы керек фермерлер жаңадан пайдалануға берілген сайтта өтініш жібере алмай әлек. Олардың айтуынша, сайтты жасаған мамандарға тікелей жазғанмен ешқандай кері байланыс жоқ. Сайттың осы қызметінің қашан істейтінін ешкім ашып айтып түсіндірмеген.

Елімізде ақпаннан бастап gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесі іске қосылды. Алайда сайт толық жұмыс істемей тұр. Бірнеше бағыт бойынша субсидияға өтінім беру мүмкін емес. Мәселен, несие мөлшерлемесін субсидиялау.

Шаруалардың несиесіне мемлекет тарапынан берілетін 16%  субсидиясына әлі өтініш жібере алмай отырған кәсіпкердің бірі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы «Дихан несие» серіктестігінің төрағасы Дәулет Пернебекұлы.

«Бүгінде 22 пайызбен несие береміз. Оның 16 пайызы үкімет тарапынан субсидиялануы керек. Қазір үлкен проблемамыз бар. Әзірге www.gosagro.kz сайтында жұмыс істей алмай отырмыз. Өйткені бағдарламалары әлі «шикі». Енді ең бірінші мәселе қаңтар, ақпанда несие алған азаматтардың өтініштерін субсидияға жібере алмай отырмыз», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: