Жексенбі, 12 сәуiр, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26 (2238)
11.04.2026
PDF мұрағаты

Шекара қызметінің жеке құрамы экологиялық акцияға белсене қатысты

12.04.2026

41 0

Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшылық құрамы, жеке құрамы, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шекара бөлімдері мен бөлімше бастықтарының қатысуымен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Шекара қызметінің жеке құрамы экологиялық акцияға белсене қатысты

Іс-шара барысында әскери қызметшілер қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау бағытындағы игі бастаманы қолдап, елді мекендер мен қызметтік аумақтарда ағаш көшеттерін отырғызды.

Шекара қызметінің жеке құрамы экологиялық акцияға белсене қатысты

Аталған акция – табиғи байлықтарды сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыру жолындағы маңызды қадам. Шекара қызметінің жеке құрамы бұл бастамаға белсене қатыса отырып, қоғамға үлгі көрсетіп, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Шекара қызметінің жеке құрамы экологиялық акцияға белсене қатысты

Іс-шара барысында отырғызылған әрбір тал – елдің ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырыла бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: