Жұма, 13 маусым, 12:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Шерзат Полаттың әкесі қылмыскерлер төлейтін өтемақыны қайда жұмсайтыны белгілі болды

12.06.2025

111 0

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қылмыскерлер берген өтемақыны қайда жұмсайтынын оның адвокаты Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржаубай өтемақыдан бас тартқан

Оның сөзіне қарағанда Қаржаубай әу бастан қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпаған.

«Қаржаубай адал азамат. Маған келгенде «менің Шерзатымды қараламаса болды» деді. Бұл қылмыскерлердің түрмеде отыратынына күмәнім бар, бірақ менің баламды қараламасыншы, менің аманым сол деді. Қаржаубай ақша жинады, «сбор» ашты деген әңгіме шықты. Оның бәрі шындыққа жанаспайды», – деді Мейірман Шекеев.

Оның айтуынша Қаржаубай қылмыскерлерден бір тиын сұраған емес.

«Азаматтық талап қойған кезде бірден бас тартты. Содан кейін мен шартты жазаға шығып кетпеу үшін өтемақы талап ету керек екенін түсіндіргеннен кейін ғана солай істеді. Оның өзінде ақша түсетін болса, оны балалар үйіне аударамын деді», – дейді адвокат.

Айта кетейік, Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс жуырда аяғына жетті. Талдықорған қаласындағы сот ғимаратында 9 күдіктіге қатысты үкім шығып, олар бас-аяғы 7 жылдан 23 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылды. 

Қанша өтемақы өндіріледі

Судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды.

  • Жауапкер Абзал Шынасылдан талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбиева және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 20 млн теңгеден моралдық зиян,
  • Жауапкер Равиль Сәкиевтен талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 15 млн теңгеден моралдық зиян,
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сәкиевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишимбиеваның пайдасына 10 млн теңге моралдық зиян,
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал,
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтан ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндіріледі.

Моралдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін екі ай берілді. Осы мерзімде төленбесе, сот актісі мәжбүлі түрде орындалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: