Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 28 сәуірдегі сот отырысына марқұмның туыстары келмеді деп хабарлайды KursivMedia.
Айта кетейік, 28 сәуірде оқиға орнында болған екі әйелдің бірі Эльмира Нұрбековадан жауап алу жалғасып жатыр.
2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынды. Бірінші болып Шерзат Полаттың әжесі сотта жауап берді. Одан кейін марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алынды. Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов жанжалдың неден басталғанын айтып берді.
Нұрымовтың айтуынша, марқұм Шерзат Полат сол күні дүкенге телефон қуаттағышын алуға барған.
«…Дархан Әскентай мас болды. Жаныма келіп сөйлеген кезде ішімдіктің иісі шығып тұрды. Сыра мен темекі алып кетті. Сол уақытта марқұм балам қуаттағышын алуға келді. Дархан қайта келді, онымен сөйлескен кезде маған дұрыс сөйлемегенін байқап қалған. Ішкен адам енді боқтанып сөйлейді. Дархан шықты, артынан бала шықты. Терезе ашық тұрған. Екеуінің жоғары тонда сөйлесіп жатқанын байқап қалдым. Мен шығып үлгергенше бала ұрып жіберді. Ажыратып алдым. Балаға ескерту жасадым.
Дүкенге кіріп шығып, Дарханнан кешірім сұрадым. Ауруханаға апарайын, ақыңды төлейін, ішемін десең, оны да берейін дедім. Ол әрі қарай кеткендей болды. Кешірім сұрағаныма «кешірмеймін, балаларды шақырамын, балаң денсаулығын қойып тастайды» деді. Балаң жауап береді деп кетті. Сонда да ешкімді шақырма, өз арамызда шешейік дедім. Кішкентай бала, 16 жаста, шешесінен боқтамағанда ондай болмайтын еді деп айттым», – дейді Қаржаубай Нұрымов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!