Қазақстандық қоғам белсендісі Айтбек Амангелді Талғарда қайғылы жағдайда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасына меценаттың қаражатына үй салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтбек Амангелдінің парақшасында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың отбасына арналған үй тек меценаттың қаражатына салынатыны айтылған. Айтбек Амангелді пікірлерде әртүрлі есепшоттар арқылы қаражат жинау туралы ақпарат таралып жатқандықтан, алаяқтық қаупі бар екенін ескерткен.
“Жиналған қаражатқа қатысты қосымша түсініктемелер:
Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды.
Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз.
Қазіргі пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болып, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар. Реквизиттерді нақтылау үшін ақпартатты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады.
Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз.
Перизат ешқандай қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып саналмайды және ол біздің сенім білдірушіміз немесе қамқорлығымыздағы тұлға емес. Оның өз адвокаттары және қоғамдық қайраткерлері бар. Осы жинақты бізбен және Қаржаумен байланыстырмауларыңызды сұраймыз», – деп жазды Айтбек Амангелді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!