Сотқа куә ретінде келген полицей Нұрқанаттың жауаптарын тарқатып айтты, – деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Шерзат ісі бойынша сотта куә ретінде жауап берген Алматы облысы Талғар ауданы Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан сотта тың деректі баяндады,
«Жедел кезекшіден хабарлама түскен соң, бірден аудандық полиция басқармасына бардым. Оқиғаға байланысты қарамағымдағы қызметкерлерді жұмылдырдым және әрқайсысына нақты тапсырмалар жүктедім. Кейін оқиға орнына өзім де бардым. Белгіленген жоспарға сай әрекет еттік», – деді ол.
Сотта Нұрқанат Ғайыпбаевтың соңғы берген жауабының видеосы көрсетілді.
«Қолымызда бірнеше адамның суреті болды. Ғайыпбаевтан күдіктілерді таныйсын ба? деп сұрадық. Ол «таныймын» деп жауап берді. Суреттерді көрсеткен кезде «мына азамат Шерзатты пышақтады, ал мына азамат мені пышақтады» деп көрсетті», – деді Әділжан.
Судья Ержан Жанұзақов күдіктінің кім екенін нақтылауды тапсырды.
«Ол Шерзатты пышақтаған адам ретінде Шынасыл Абзалды, ал өзін жарақаттаған күдікті ретінде Тоқтаубаевты көрсетті. Екеуінің де фотосуреттерін танып, дәл көрсетті», – деп жауап берді Медет Әділжан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!