Бейсенбі, 26 наурыз, 12:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Шетелдегі қазақстандықтардың төлқұжат рәсімдеу мерзімі қысқарады

26.03.2026

53 0

Фото: ашық дереккөзден

Шетелдегі қазақстандықтар үшін паспорт жасау уақыты қысқаруы мүмкін. Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарға паспорт рәсімдеу қызметіне өзгеріс енгізу жобасын әзірледі, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жобада мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқаратыны айтылған.

Сонымен қатар редакциялық түзетулер енгізіліп, ескірген нормалар мен сілтемелер алынып тасталады. Бұл өзгерістер «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заң мен Цифрлық кодекстегі жаңартуларға байланысты.

Жоба 6 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда болады.

Еске салайық, 1 қаңтардан бастап елде елде құжат рәсімдеу құны өсті.

Төлқұжат және жеке куәлік:

  • Қарапайым төлқұжат (36 бет): 8 АЕК – 34 600 теңге (2025 жылы – 31 456 тг).
  • Төлқұжат (48 бет): 12 АЕК – 51 900 теңге (2025 жылы – 47 184 тг).
  • Балалар төлқұжаты: 4 АЕК – 17 300 теңге (2025 жылы – 15 728 тг).
  • Жеке куәлікті жоғалту: (бір жыл ішінде екі реттен көп болса) 1 АЕК – 4 325 теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: