Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шетелдік көліктерді ел аумағында тіркеу үшін қандай талаптар қойылады? ІІМ түсіндірд

07.09.2022

902 0

Қасым-жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауынша шетелдік көліктерді тіркеу және утиль алымын 200-250 мың теңгеден асырмау туралы тапсырма берген. Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу үшін қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген (кірген) барлық көлік құралдары бойынша Ішкі істер, Мемлекеттік кірістер және Ұлттық қауіпсіздік органдары (Шекара қызметі) арасында ақпарат алмасу мәселелері пысықталды. Мұндай автокөліктер туралы мәліметтерді ІІМ белгіленген мерзімнен кейін әкелінген автокөліктерді заңдастыруды болдырмау үшін жинақтайды.

Мәліметке сәйкес, қазір өкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамалық актілерге азаматтарға әкелінген шетелдік автокөліктерін өздері үшін қолайлы жағдайда заңдастыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіп жатыр. Сондай-ақ оны жүргізу тетіктері әзірленуде.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін ел аумағына кіргізілген шетелдік көліктерді тіркеу мүмкін емес. Сонымен қатар криминалдық есеп бойынша іздеуде жүрген, заңдық немесе сот тарапынан шектеулері бар, бұрын тіркелген елдегі есептен белгіленген тәртіппен алынбаған, рөлі оң жақта орналасқан, сондай-ақ тіркеуден немесе толық кедендік тексерістен өтпеген, иелерінің тіркеу және құқық белгілейтін құжаттары жоқ автокөліктер заңдастырылмайды.

Бұдан бөлек “криминалдық” автокөлікті тіркеуді болдырмау мақсатында көлік бойынша ақпарат бұрынғы тіркелген елдердің құқық қорғау және кеден органдарымен салыстырылатын болады. 

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге автокөліктерді әкелудің заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: