Бейсенбі, 07 тамыз, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Шетелдіктерді шекарадан заңсыз өткізіп келген қылмыстық топ ұсталды

07.08.2025

61 0

Фото: видеодан кадр

Алматы облысында полицейлер ауқымды және үйлестірілген операция нәтижесінде Қазақстанға заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар шетел азаматтары болған. Күдіктілер шетел азаматтарының елге заңсыз кіруін, транзитін және заңдастырылуын қамтамасыз етіп отырған. Өз қызметтері үшін олар әр мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін ақша алған.

Арнайы іс-шаралар барысында күдіктілерден ондаған шетелдік паспорттар, медициналық сақтандыру полистері, қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ есірткі заттары мен діни әдебиеттер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Алматы облыстық ПД мәліметінде.

Аталған дерек бойынша заңсыз миграцияны ұйымдастыру, алаяқтық және есірткі заттарын заңсыз сақтау баптары бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық қатысы бар адамдар мен қосымша құқыққа қайшы әрекеттер анықталуда.   

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: