Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында 31 702 гектарға егін егілді

05.08.2023

394 0

Биыл Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы саласында 6 млрд 431 млн теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,6 пайызға артқан. Сондай-ақ аудан бойынша 31 702 гектарға егін орналастырылған. Ал негізгі дақыл күріштің үлесі – 13 189 гектар. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

-Егін көлемінің артып отырғандығының бір себебі, биылғы жылы әр отбасының өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін шаруашылық құрылымдарының демеушілігімен тегін егістік жері дайындалып, 1520 гектар жерге тұрғындар өздері егіс егіп, қыстық азықтарын қамтамасыз етуде. Осы жылдың 6 айында ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан жаңадан техникалар алынып, ауданға 506 млн теңге инвестиция тартылды.Сонымен қатар, 5405 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастырылды. Ал күріштің көлемі өткен жылмын салыстырғанда 2439 гектарға ұлғайды. Аталған дақылдан сапалы өнім алу үшін судың мол болуы маңыздылығын ескеріп, қазіргі су тапшылығы орын алған тұста егіс алқаптарына 59 жерге насос қойылды. Осы насостармен қашыртқылардағы суды қайта пайдалану әдісімен су тапшылығының алдын алып келеміз.Сонымен қатар, «Олжа Агро» ЖШС-гі 1200 басты асыл тұқымды ірі қара малының тауарлы сүт фермасын ашу бағытында серіктестік басшыларымен келісімге келіп отырмыз. Ферма құрылысын Алғабас ауылынан салу жоспарлануда. Жем-шөп қорын дайындау мақсатында серіктестікке Диірментау өңірінен көлемі – 2500 гектардай жер телімі әзірленіп, бүгінгі таңда таңдалған жер телімінің топырақ зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ферма жұмысын бастағанда 80 адамға дейін жаңа жұмыс орыны ашылса, жем-шөп дайындау жұмыстарында тағы 100 ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жоба аясында өңірімізге 10 млрд теңге инветиция тартылатын болады,-деді Нұржан Сәбитұлы.

Баспасөз конференциясында аудан әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін кемінде екі өнім сақтайтын қойма салу көзделгенін айтты. Қазірдің өзінде, Шиелі кентінде жобалық құны 170 млн теңге болатын сыйымдылығы 700 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталып, мұздатқыш құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүруде.

-Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындардың өзін-өзі азық түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында биыл жоспардан тыс
1520 гектар қосымша жер дайындалып, 1390 отбасына үлестіріліп, оның ішінде 520 га жерге тамшылатып суару әдісі арқылы көкөніс-бақша егу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аудан бойынша экспорттың әлеуетін арттыру бағытында, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауарларын сыртқы елдерге экспортқа жөнелту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы экспортының әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Өткен жылы мамыр айында Қырғызстанға 20 тонна ақ күріш, Ресейге 421 тонна қарбыз,
275 тонна қауын, 330 тонна қызанақ экспортталды. Ал, еліміздің басқа да облыстары мен қалаларына 18 500 тонна ақ күріш, 1 200 тонна қарбыз, 13 400 мың тонна қызанақ, 3 800 тонна қауын және 22 000 тонна жоңышқа шөбі жөнелтілген,-деді аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: