Сенбі, 26 шiлде, 14:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда

26.07.2025

115 0

Шиелі ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында бірқатар маңызды медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков мәлімдеді.

– Денсаулық сақтау – біздің аудан үшін ең маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда Шиелі кентінде 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп, нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Сондай-ақ ауданаралық аурухана базасында қосымша корпус салынып, оған МРТ құрылғысын орнату жұмыстары жоспарланған. Бұл тұрғындар үшін жоғары технологиялы диагностикалық қызметтің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұдан бөлек, «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жобалар аудан халқының денсаулығын жақсартуға және медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, – деді Айтбай Насриддинұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: