Сәрсенбі, 28 қаңтар, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар жаңартылуда 

28.01.2026

64 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл Үкімет пен аймақ басшысының айрықша қолдауының нәтижесінде республика көлемінде теміржол вокзалдары мен вокзал маңы аумақтарын күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары бастау алып, бұл бастама облыс аумағында да кең көлемде жүзеге асуда. Осы ауқымды жобалар аясында 1903 жылы салынған Шиелі теміржол вокзалы да күрделі жөндеуден өткізіліп, тарихи нысан жаңаша келбетке ие болуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы Қазақстанда азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты әлеуметтік міндеттерінің бірі екенін бірнеше мәрте атап өткен еді. Өйткені баспана тек тұрғын үй емес, ол әр отбасының тұрақты өмірі мен әлеуметтік әл-ауқатының берік негізі. Осы бағытта аудан тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін 370 пәтер пайдалануға берілді. Ал өткен жылдың өзінде әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 52 пәтер салынып, тұрғындар жаңа қонысқа ие болды. Қазіргі таңда аудан бойынша 18 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Елді мекендерді газдандыру деңгейі халық санына шаққанда 81,6 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, Шиелі ауданы тұрғындары бүгінгі күні 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, – деді Айбай Насриддинұлы.

Ауданда әлеуметтік инфрақұрылым саласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Шиелі кентіндегі көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына қосымша блок салынып, МРТ құрылысын орнатуға 733 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек, 650 млн теңгеге заманауи МРТ аппараты орнатылып, пайдалануға беріліп, «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуге 255 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, аймақ басшысының қолдауымен Шиелі ауданына 30 жедел жәрдем көлігі жеткізіліп, жедел медициналық қызмет көрсетудегі өзекті мәселе толық шешімін тапты.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: