Сурет ашық дереккөзден
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» үкімет қаулысының жобасын ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар биыл шілдеде төрт күн қатарынан демалуы мүмкін. 6 шілде Астана күні бейсенбіге сәйкес келетіндіктен, жұма күнгі жұмыс күні 1 шілдеге ауыстырылады. Яғни 6,7,8 және 9 шілде демалыс күні болып жарияланбақ.
«Демалыс күні 1 шілде сенбіден 7 шілде, яғни жұмаға ауыстырылсын», – деп жазылған қаулы жобасында.
Министрліктің хабарлауынша, демалыс күнін шегеру жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.
Құжат 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!