Биыл шілдеде 20 жұмыс және 11 демалыс күні бар.
Сенбі мен жексенбіден басқа, қазақстандықтар 6 шілдеде демалады: бұл күні «Елорда» күні атап өтіледі. Биылғы мереке сейсенбіге сәйкес келді. Бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбіге – 3 шілдеге ауыстырды.
Осылайша:
– бес күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде жұмыс күні, демалыс 4, 5, 6 шілде болады;
– алты күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде – жұмыс күні, 4 шілде – демалыс, 5 шілде –жұмыс күні, 6 – шілде – демалыс.
Массагет
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!