Қазақстан ІІМ қылмыскерлерді құрықтау мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Атап айтқанда:
- адам өлтіргені үшін – 2
- қарақшылық шабуыл жасағаны үшін – 1
- қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін – 1
- тонау жасағаны үшін – 6
- бопсалау үшін – 1
- ұрлық жасағаны үшін – 39
- есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстар үшін – 6.
Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған 190 азаматтың орналасқан жері анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде Жамбыл облысының Шу ауданында есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 50 жастағы ер адам ұсталды.
2024 жылы оның жеке үйін тінту кезінде бір тоннадан астам кептірілген марихуана мен бір килограмм гашиш тәркіленген. Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Молдова Республикасының аумағында халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы Украина азаматы ұсталды.
Ол Ұлытау облысында Telegram мессенджері арқылы синтетикалық есірткілерді заңсыз сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Заңсыз жолмен келген табысты криптовалюта биржасы арқылы заңдастырып, шетелге аударып отырған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген 49 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Ол қылмыстық топтың белсенді мүшесі және көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары оны қылмыстық ұйымды қаржыландырды деп іздестірген.
Алматы қаласының әуежайында халықаралық іздеуде жүрген Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Бахрейн Корольдігінде жеке үйге заңсыз кіріп, құны 535 629 АҚШ долларын құрайтын зергерлік бұйымдар коллекциясын ұрлаған.
Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Түркия Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлескен халықаралық ынтымақтастық аясында Кайсери қаласында 40 жастағы Әзірбайжан азаматы ұсталды.
Ол 2017 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында қылмыстық топ құрамында донорлық органды заңсыз алып сатуға қатысқан.
Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!