Дүйсенбі, 30 маусым, 21:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47,2160
28.06.2025
PDF мұрағаты

Шілдеде неше күн демаламыз?

30.06.2025

63 0

Фото: Midjourney

2025 жылдың шілде айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда, жалпы 9 күн тынығатын болады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атап айтқанда, Астана күні биыл жексенбіге (6 шілде) сәйкес келетіндіктен, оған байланысты демалыс күні келесі дүйсенбіге – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша азаматтарға ұзақ демалыс кезеңі ұсынылып отыр. Бұл өзгеріс бес күндік емес, алты күндік жұмыс аптасындағыларға да әсер етеді.

Демалыс тәртібі төмендегідей белгіленген:

  • Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін – 5, 6 және 7 шілде демалыс күндері болып есептеледі;
  • Алты күндік жұмыс режимінде істейтіндер үшін – 5 шілде жұмыс күні болып қала береді, ал 6 және 7 шілде демалыс болады.

Шілде айында бұдан бөлек, кәсіби және салалық мерекелер де бар. Олар ресми түрде жұмыс күні саналса да, тиісті мамандар мен салаларда жұмыс істейтін азаматтарға арналып атап өтіледі.

Айта кетейік, кәсіби мерекелердің нақты тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысы бекіткен 2023 жылғы 17 қарашадағы № 480 бұйрық негізінде жарияланып, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: