Сенбі, 28 желтоқсан, 09:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шілдеден бастап жұмыссыздық бойынша берілетін төлем мөлшері бекітілмек

29.03.2023

742 0

ҚазАқпарат – Еңбек министрлігі «Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:

– бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;

– екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.

Ал, тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:

– бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;

– екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.

Бұйрық 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: