Сәрсенбі, 08 қазан, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Әкімнің әрекеті желіде қызу талқылануда

08.10.2025

122 0

Фото:depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданындағы ауыл әкімі көрінетін, бейәдеп сөздер қолданылған видеоны анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімге қатысты оқиғаның видеосы тараған болатын. Жазбада ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге келіп, оның қызметі туралы сұрақтар қойып жатқанын көруге болады. Әңгіме барысында олардың арасында дау туып, кейін әкім бейәдеп сөздер айтқан.

Өңір әкімдігі мәліметінше, осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген.

«Әкімдік бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Кеңесте қызметтік әдеп нормалары бұзылуы қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: