ШҚО-да ауыл тұрғындары жер сілкінісін сезді. Ол Алматы уақытымен сағат 11.19-да тіркелді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым», – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!