Достық үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара мерекелік көңіл-күйде өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылым төрағалары мен мүшелері қатысты.
Мерекелік жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды Халықаралық әйелдер күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол әйелдер қауымының қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың еңбек жолындағы жетістіктерін жоғары бағалауға шақырды.
Құттықтау сөздерімен облыстық татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева да бөлісті.Мереке аясында әндер шырқалып, аналарға арналған жылы тілектер айтылды. Қатысушылар кеш соңында естелік суретке түсіп, бір-біріне жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!