Сәрсенбі, 20 тамыз, 15:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Шымкент әкімі орынбасарына жасалған қастандық: үкім жарияланды

20.08.2025

36 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бүгін, 2025 жылғы 20 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге қастандық жасау туралы іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушы Ернар Жиембай ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-бабының 1-бөлігімен айыпталды («қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу» – «кісі өлтіру»).

Сотта анықталғаны: 2025 жылдың 21 сәуірінде Жиембай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің (әкімге қарасты) директоры бола тұра, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болып, туындаған бас араздық салдарынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденовті қасақана өлтіруге оқталып, оған аңшы мылтығынан 5 рет оқ атқан.

«Алайда сотталушыда оқ дәрілері таусылып, жәбірленуші оған қарсылық көрсетіп және оған көмекке қасында болған адамдар келуіне байланысты, Жиембай өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмаған»,- делінген ақпаратта.

Сотталушының кінәсі мойындауымен, жәбірленушінің және куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін ішінара мойындайтындығы, оған шын көңілден өкінетіндігі, бұрын сотты болмағандығы, асырауында 2 жас баласы бары танылды, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмысты алкогольден масаң күйінде жасағаны анықталды.

«Осыған байланысты, сот Жиембайды ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады»,- деп қорытындылады сот.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: