Жұма, 27 желтоқсан, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шымкентке LRT салу жоспарлануда

20.07.2023

364 0

Шымкентте 2035 жылға қарай жеңіл рельсті көлік жүйесі салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов LRT құрылысы бас жоспарға енгізілгенін айтты. Дегенмен, нақты шешім сызбалар әзірленгеннен кейін ғана қабылданады. Жобаны жүзеге асыру инвесторлар мен бюджеттік мүмкіндіктерді табуға байланысты болады.

«Биыл халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Қала тұрғындарына өз ұсыныстарын айту үшін бір ай мерзім бердік. Өздеріңіз көріп отырғандай LRT, BRT қосу туралы ұсыныстар айтылған. 

Мамандардың айтуынша, миллионнан астам қалаға баламалы көлік түрі қажет. Қазір олар LRT және BRT сызбаларын дайындап жатыр. Ол қалай байланыстырылады, бұл мәселені алдағы уақытта үкіметпен талқылайтын боламыз», – деді Мұрат Айтенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: