Сейсенбі, 03 желтоқсан, 23:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Шымкентте автожол көпірі құлады

08.06.2024

591 0

Сурет:otyrar.kz

Шымкент қаласы Тұран ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін автожол көпірі құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Қатты жауын-шашын салдарынан секундына 49.5 текше метр судан өзен арнасы көтерілді. Көпірден 100-120 м. төменде су шайды. Қазіргі уақытта өзендегі су 15.3 текше метрге дейін төмендеді. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті атқару органдарынан 20 адам және 5 техника, төтенше жағдайлар департаментінен 5 адам және 2 техника жұмылдырылды», – дейді ведомство.

Қазір көпір жабық.

«7 маусым 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды. Бұл көпір арқылы Шымкент қаласынан 5000 тұрғыны бар Жаңаталап тұрғын алабына қозғалыс жүзеге асырылған. Тиісті қызметтер оқиға орнында», – дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың айтуынша, қираған көпірден 1,5 шақырым жерде қосымша автокөлік жолы бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: