Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, жер сілкінісі кезінде құрбан болған отандастарымыздың денесін елге жеткізуді ведомство өз мойнына алды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үй құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың денелерін Отанға жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді, – деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.
Сондай-ақ марқұмдарды жеткізу шығыны мемлекет есебінен жүргізілетіні белгілі болды.
Отандастарымыздың денелері 11 ақпанда Анталия-Алматы тұрақты рейсімен Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады, – деді Айбек Смадияров.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!