Сәрсенбі, 03 шiлде, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Сіз де «сұлу» нөмір алғыңыз келеді ме?

26.09.2023

599 0

Қазіргі қоғамда көпшілігі дерлік көліктеріне «сұлу» нөмір тағуға тырысады. Ол үшін бұрынғысынша тамыр-таныс жағалап, өзге де заңсыз жолмен қалағаныңа қол жеткізудің қажеті жоқ. Халық арасында «VIP» атанып кеткен ерекше нөмірді алу керек болса мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, алдын ала өтініш берсеңіз болады. Әрине, көлік құралының мемлекеттік белгісінің мұндай түрлері үшін мемлекеттік баж салығы алынады. Мемлекеттік белгідегі сандар мен әріптердің ерекшелігіне қарай құны да әр түрлі.
Еліміз бойынша «VIP» нөмірлерге сұраныс қызылордалық жүргізушілер арасында да сұранысқа ие. Жыл басынан бері 500 – ден астам азамат «ерекше сұранысқа ие» нөмірге қол жеткізген.
Биыл мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан 500 – ден астам осындай нөмірлер сатылды. Олардың ішінде «001», «007», «777», «707» және «111» сынды нөмірлерге сұраныс ерекше. Кей тұрғындар көлік құралының аймақтық белгісіне сәйкес «011» нөмірін сұрап жатады. Бірақ бұл нөмір ақылы нөмірлердің қатарында жоқ, яғни, сатылмайды, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» – тің Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандырылған бөлім басшысы Абзал Төлеухан.
Жалпы жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» -тің Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандырылған бөлімі көлік құралының құжаттарын рәсімдеу бойынша 37 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, 16 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін алған.
Естеріңізге сала кетсек, қарапайым нөмір мен ерекше сұранысқа ие нөмірлер құны 2,8 АЕК – дан бастап 285 АЕК аралығын құрайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: