Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Сіздер ешкімнің қызметшісі емессіздер»: Өскемен қаласының әкімі мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жасады

11.04.2023

680 0

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар желідегі парақшасында «халық қызметшісі» ұғымы туралы жазба жариялады. Әкімнің пайымдауынша, шенеуніктер де қарапайым азаматтар және олар ешкімнің қызметшісі емес деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жақсылық Омар қоғамда шенеуніктердің «халық қызметшісі» екені туралы ұғымның қалыптасқанын айтады. Әрі өзі де мұндай сөздерді көп естігенін жасырмады. 

«Мемлекеттік қызметтегі 20 жылда отандастарымнан «Мен саған жалақы төлеймін», «Мені тыңдауың керек» деген секілді сөздерді естідім. Негізінде қатардағы мемлекеттік қызметкер – орта табысы мен өзгелердегі секілді мәселелері бар адам. Ол шағын пәтерде тұрып, жұмыс істейді, бала өсіріп, банктен несие де алады. Сонымен қатар басқа қазақстандықтар секілді салық төлейді. Бірақ неге бұл адам өзгелердің ойында материалдық тұрғыдан міндетті болады? Бұған қалай жеттік?» – деп жазды ол. 

Әкімнің пайымдауынша, «халық қызметшісі» туралы ұғым антика дәуірінде қалыптасқан. 

«Сократ «Халық билік өкілдерін тағайындайды, … ал қаржысы жеткілікті адамдар өздерін халықтың қызметкері секілді қоғамдық істерге арнауы қажет» деп жазды. Мұнда әңгіме халықтың арқасында байыған ақсүйектер туралы. Сол кездегі экономикада бұл әділ тұжырым еді. Бірақ мұны заманауи Қазақстанда қолдана аламыз ба? Олай ойламамаймын», – деді әкім.

Өскемен әкімі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлерді азаматтардың серіктесі деп атау керек дейді. 

«Қазіргі қоғамда біз Тәуелсіздікке қол жеткізген соң өз еркімізбен қолға алға істі атқарып жатырмыз. Біреуге емес, бірінші кезекте өз еліне міндетті. Сондықтан әріптес мемлекеттік қызметкерлер, сіздер ешкімнің қызметшісі емессіздер, бірақ отандастарымыздың сенімі артылған», – дейді Жақсылық Омар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: