Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сіздер қалай мына әкімге сенесіздер? Журналист Ерболат Досаевтан қашан орнын босататынын сұрады

26.07.2023

488 0

Сіздер қалай мына әкімге сенесіздер? Журналист Алматы әкімі Ерболат Досаевтан қашан орнын босататынын сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзін «Демократиялық Қазақстан» ютуб арнасы журналисімін деп таныстырған бойжеткен Алматы әкімінің Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде Ерболат Досаевқа қарсы  ұйымдастырылған петицияны айтып, әкімге «неге орныңызды босатпайсыз» деп сұрақ қойды. 

«57 мың адамның атынан келіп тұрмын.  Әлеуметтік желіде Тоқаевтың Жаңа Қазақстан мен «Еститін үкіметінде» өмір сүріп жатырмыз деп жиі айтасыздар. Сіздің жеке басыңызда даулы мәселелер өте көп. Соның бірі дәл қазір 57 мың адам Алматы қаласының тұрғындары, оның ішінде алатау ауданының тұрғындары да бар. Отставкаңызды талап етіп жатыр. Неге осы адамдардың үніне құлақ аспасқа? Неге орныңызды босатпасқа? Сізде, қасыңыздағы әкімде тек құрғақ уәде беріп жатыр. Барлығы айтып жатыр. Сізге қазір айтылған мәселелер бұрын да көтерілген. Бірақ әлі орындалмады. Сіздер қалай мына әкімге сенесіздер? Бұл тағы да ертегі айтып жатыр, – деді ол.

Ал Алматы әкімі өз кезегінде петицияны «бот фермалардың» әрекеті деп бағалап, Президенттің тапсырмасымен ғана орнынан кететінін айтты.  

«Сіз халықтың атынан сөйлеп тұрсыз ғой. Бірақ енді Алматыда тұратын 2 миллион 200 мың халық бар. 57 мыңның ішінде кім тірі, кім тірі емес деген әңгіме ғой. Бот фермалар жақсы жұмыс істеп жатқан шығар.  Өйткені ішінде ИИН-і жоқ, фамилиясы жоқ адамдар болғаннан кейін назар аудармадым. Ал жалпы петицияға қарап отырмын. Жалғыз уәде емес. Атқарылып жатқан жұмыс көп. Рас, уақытымен бітірілмеген дүниелер бар. Бірақ қала деген тірі механизм. Әкім ретінде сіздің пікіріңіз маған да маңызды шығар. Бірақ мен туралы, жұмысым туралы мемлекет басшысы өз шешімін шығаратын шығар. Мені тағайындаған сол кісі», – деп жауап берді.   

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: