Дүйсенбі, 08 шiлде, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Смартфонды қуаттау кезінде қабын шешу керек

28.10.2023

1010 0

Смартфонды қуаттау кезінде көп адам оның қабын шеше бермейді. Алайда оның қабын шешпей қуаттасаңыз, уақыт өте батареямен байланысты проблемалар туындауы мүмкін, – деп хабарлайды  Mediarun Search.

Заманауи смартфондар нақты температуралар диапазонында жұмыс істеуге арналған. Әдетте ол 0-ден 35 градусқа дейін, кейде қандай да бір жағдайларда ол шамамен 40 градус Цельсийді құрауы мүмкін. Ал осы шектен асу құрылғының жұмысын нашарлатуы және автономды жұмыс уақытын қысқартуы мүмкін. Ал ол өз кезегінде смартфонның қызмет ету мерзіміне әсер етеді.

Телефонды қабымен бірге қуаттаған кезде оның қызып кету қаупі артады. Себебі қап жылудың шашырауына кедергі болады. Қуаттау кезінде ішкі компоненттер тиісті вентиляцияны қажет етеді. Қаптар зарядтау кезінде шығатын жылуды сақтап, құрылғының ішкі температурасын әлдеқайда көтеріп жібере алады. Бұл сіздің ұялы телефоныңызға зақым келтіруі мүмкін.

Әсіресе, температураға аккумулятор сезімтал келеді. Жоғары температураның ұзақ әсер етуі аккумулятордың зақымдалуына, нәтижесінде уақыт өте қуаттағыш сыйымдылығының азаюына әкеледі. Мұндай температуралар аккумулятордың жанып кету қаупін де арттырады.

Сондықтан смартфонды қуаттайтын кезде оның қабын шешіп тастаған дұрыс. Осылайша сіз, оның қызып кетуінің алдын аласыз. Сондай-ақ аккумулятордың жұмысқа қабілеттілігін сақтайсыз және телефонның қызмет ету мерзімін ұзартасыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: