Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Сөге жамандамаңыздар»: Нұртас Айдарбеков Төреғалиге араша түсті

21.06.2023

1334 0

Танымал хитмен Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков заң бұзған Төреғалиге араша түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында заң бұзып, елді дүрліктірген әнші Төреғали Төреәліге қатысты жазба жариялады. 

“Айналайын ағайын! Сөге жамандамаңыздар. Ата менен ана баланың өзін туғанымен мінезін тумайды. Айтыңыздаршы, қай ата-ана балам жаман болсын деп тәрбие береді екен? “Қой ақсағымен мың” деген қазақ. Төреғали жаман дегенде бізге жақсысын кім береді? Барымызды түзеп, жолға салуымыз керек, ағайын. Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер де бүгінгі жағдайға түсіністікпен қарасаңыздар екен деген мендегі ниет. Онсыз да бұл бала өзіне тиесілі Алланың жазғанын көріп жатыр. Жығылғанға жұдырық деп, онсыз да езіліп отырған ата-анасының жүрегіне сызат салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ағайын, ертең қай-қайсымыздың болса да алдымызда не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Ата-ананы Алла баласымен сынамасын”, – деп жазды ол

Оның бұл сөзінен кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. “Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе,мен де тұрмын,сен де тұрсың кезекте”, “Адамның барі жаңылысады”, “Төреғалидің аман-есен отбасына, балаларына, ата-анасына оралуын тілейміз”, “Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ”, “Әріптестері де, адвокаттары араша түсіп жатыр. Қарындасы да халық аузын жаппақ. Ал ата-анасы мен өзінің еш айтары жоқ па екен?”, “Егер сол күні адам қағып өлтірсе осындай жазба жариялайсың ба?”, – деп жарыса жазды желідегілер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: