Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Соңғы екі аптада Қазақстанға қанша ресейлік кірді –  Министр жауап берді

04.10.2022

831 0

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері елге қанша ресейлік кіріп-шыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында журналистер министрден 21 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына қанша ресейлік кіргенін сұрады.

«Екі жүз мыңнан астам Ресей азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда оның 148 мыңы Қазақстан шекарасынан шығып кетті. Мобилизация жариялаған кезде шекарада үлкен кептеліс болғаны рас. Алайда кешеден бері көші-қон сол бұрынғы қалпына келіп жатыр. Мәселен, кеше жеті мыңнан астам ресейлік біздің елге кірсе, он бір мыңға жуығы шығып кетті», деді Ахметжанов.

Ол елге кірген шетелдіктер көші-қон қызметінің бақылауында екенін атап өтті.

Сондай-ақ осы кезеңде Қазақстанның ішкі істер министрлігі заң бұзған 7 ресейлікті елден шығарған. Азаматтық алуға 68 ресейлік өтініш берген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: