Бейсенбі, 18 қыркүйек, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

«Соңғы шешім»: Вице-министр зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану мәселесіне нүкте қойды

18.09.2025

51 0

Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым өзгермейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Оның айтуынша, қазіргі таңда министрліктің бұйрығы «Ашық НҚА» порталында қаралып жатыр және ол бойынша тіс емдеу шығындары БЖЗҚ есебінен өтелмейді.

«Бұл – бүгінгі күнге соңғы шешім. Тергеу аяқталмайынша бұл сұрақ қайта қаралмайды. Қазір тек үш-төрт өңірде анықталған соманың өзі 240 млрд теңгеден асады. Басқа аймақтардағы жағдайды тергеу көрсетеді», – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол тиісті органдар тарапынан тексеріс жүріп жатқанын, нәтижесіне қарай қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының артығын тіс емдеу қызметтерін төлеуге пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: